Тұрғындар арыққа аққан кәріз суы иісіне тұншығып отыр
Тұрғындар арыққа аққан кәріз суы иісіне тұншығып отыр
Фото: Интернеттен алынды
485
оқылды
Қоқыс пен қалдық суға толған арықтың маңында тұру мүмкін емес. Себебі лас судың жағымсыз иісі қолқаңды қабады. Осы күнге дейін аудандағы кейбір нысандар мен үйлер кәріздің суын тікелей арыққа ағызып келген. Шамамен 3 шақырымға тарайтын арық жүйесіндегі қалдық су аймақтағы Тереңқара және Ащыбұлақ өзендеріне құйылады. Салдарынан жағымсыз иіс ықшамауданды толықтай жайлап отыр. Тынысы тарылған жергілікті тұрғындар терезелерін ашып, аулада серуендеуден қалған. Тұрғындардың айтуларынша, өткір иіске тіпті бетперде де көмектеспейді. Мамандар канализация бөлетін газ құрамында сутегі сульфиді, аммиак, көмірқышқыл газы сияқты улы заттар болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Мұндай өткір иістен адамның тыныс алу мүшелерінде созылмалы ауру пайда болуы әбден мүмкін. Экология департаменті мамандары арықтағы судың сынамасын алды. Оның құрамы тексерілгеннен кейін жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарына хат жолданады. «Алматы қаласының тұрғындарын табиғатқа, қоршаған ортаға, біз өмір сүріп жатқан қалаға жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Жеке сектордың ішінен кәріз суы мына ортақ қалалық арықпен ағып келеді. Барлық кәріз ағындылары көлге құйып, бұл жерден адам шыдамастай сасық иіс байқалуда», – деді қалалық Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Дінмұхамед Лесбеков.