Тұрғындар мәселесін тиянақты қарау қажет
Тұрғындар мәселесін тиянақты қарау қажет
279
оқылды

Nur Otan партиясы Төра­ға­сының Бірінші орынба­сары Бауыржан Байбек партияның қоғамдық қа­был­дау кеңселеріндегі жұ­мы­сына тоқталды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

– Жыл басынан бері Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдау кеңселеріне еліміздің барлық аймағынан 140 мыңнан астам азамат өтініш білдірді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі жергілікті жерде шешілді. Қаралып жатқан өтініштер не­­гізінде әр аймақ үшін жүйелі шешуді қажет ететін проб­­ле­м­алық мәселелердің кар­тасы жа­салады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласынан келіп түскен шағым­дардың басым бөлігі қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығына қатысты болды, – дейді Бауыржан Байбек.

Ол сонымен қатар азамат­тар­дың тұрғын үйлердің құр­ы­лыс сапасына, қызмет көрсету ұйым­дарына көңілі толмағанын жеткізді.

– Мемлекеттік қолдау шара­лары мен инвестицияларды тартудың арқасында өткен жылы ғана елордада 140-тан астам көппәтерлі тұрғын үй салын­ды. 35 мыңға жуық пә­тер пай­далануға берілді. Аза­маттар­дың көпшілігі құрылыс сапа­­сына, қызмет көр­сету ұйым­да­ры мен ПИК жұ­мы­сы­на шағым­данып отыр, – дейді ол.

Nur Otan партиясы Төраға­сының Бірінші орынбасары қоғамдық қабылдауда көтеріл­ген барлық мәселеге тиянақты қарау керек екенін айтты.

Осыған байланысты, Nur Otan партиясының елор­далық филиалы бұл мәселені бақылауға алып, мемлекеттік органдардың жауапты өкіл­де­рімен, құрылыс жүргізген және басқарушы компа­ния­лармен, ПИК басшы­лары­мен кез­десіп, көтерілген проб­ле­ма­ларды талқылап, олардың шешу жолдарын қа­рас­тыруы керек. Тиісті ма­териал­дардың бәрі Nur Otan пар­тиясының Орта­лық аппа­ра­тына жіберілді, – деп жазды Бауыржан Байбек.