Тарихи мұралар оқулыққа енгізіледі
Тарихи  мұралар оқулыққа енгізіледі
412
оқылды

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы­мен «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігі» қоғамдық бірлестігі Ұлттық музеймен бірлесе отырып, «Қазақстанның киелі жерле­рі­нің географиясы» атты ха­лық­а­ралық ғылыми-тәжіри­белік конференция өткізді.

Оған Орталық мемлекеттік музей директоры Нұрсан Әлім­бай, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп­бек Айтұлы және шет елден, еліміз­ден келген бір топ ғалымдар, өл­ке­­танушылар, музей қызмет­кер­лері қатысты.

Конференцияны Ұлттық музей директорының орынба­са­ры Алмаз Нұразхан жүргізді. Шара­ның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәде­ниет және спо­рт вице-министрі Өр­кен Би­са­­­қаев Қазақстанның киелі жер­ле­рінің географиясы маңыз­ды әрі өзекті тақырып екенін айтты.

– «Қазақстанның киелі жер­ле­­рі­нің географиясы» арнайы жобасы аясында көптеген ма­ңыз­ды шаралар атқарылып жа­тыр. Ұлттық музей жанынан құ­­рыл­­ған «Қасиетті Қазақстан» орта­­лы­ғының ұйым­дасты­руы­мен елі­міздің өңірлеріне экспе­ди­циялар жүргізіліп, түрлі ең­бек­­­тер жазы­лып, киелі жер­лер­дің вир­туал­ды және интерактивті кар­та­ларын әзірлеу сияқты жо­ба­­­ларды ат­қарды. Ендігі ке­зек­те киелі жер­лер туралы жаңа­лық­тар­ды, мәлі­меттерді ғылыми ай­­­на­­лымға енгі­зіп, болашақта ғы­­лыми зерт­теу­­лерге негіз етіп алып, оқу­лық­тарға енгізу­ге ық­пал етуді көздеп отырмыз, – деді ол.

Кездесуде аталған шараның құрметті қонақтары «Айгине» мәде­ни зерттеулер орталығының дирек­торы Г.Айтпаева (Қырғыз­стан), мәдениеттану докторы Д.Замятин (Ресей), М.Ло­моно­сов атындағы Мәскеу мем­ле­кеттік университеті­нің доцен­ті Е.Ларина (Ресей), Акде­низ уни­вер­ситетінің профес­соры А.Кара­чах (Түркия), В.Каразин атын­дағы Харьков ұлттық уни­вер­­си­тетіндегі археология мұра­жай­ының директоры И.Шрам­ко (Ук­раина), этногра­фия­лық му­зей директоры Л.Кемечи (Вен­грия), Оман Сұлта­на­тының Ұлт­­тық му­зе­йінің бас директоры Джа­­маль әл-Моосауи баяндама жасады.

Айта кетейік, Ұлттық музей жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғы­лы­ми-зерттеу орталығы құ­ры­­­лып, Қазақстанның киелі ны­сан­дарын анықтау бойынша жұ­мыс жүргізіле бастады. Атал­ған жоба негізінде діни сәулет ғимараттары, қалалар, елді ме­кен­дер, қорғандар, қорымдар, ғибадатханалар тізім­деліп, олар туралы тың дерек­тер жи­нақ­талып, нәтижесінде «Қа­зақ­станның жалпыұлттық қасиет­ті нысандары», «Қазақстан­ның өңір­лік қасиетті нысандары» атты еңбек­тер жарыққа шықты.

Шараға мұнайлы аймақтан арнайы келген жазушы Өмірзақ Қажым­ғалиев халықаралық ғы­лы­­ми-тәжірибелік конферен­ция жұмысына сәттілік тіледі.

– Бүгінгі конференцияның бас­­ты мақсаты – «Қазақстанның қасиет­ті жерлерінің география­сы» арнайы жобасын жүзеге асы­ру қорытындысын шығару, тарихи-мәдени мұраны зерттеу және көпшілікке тарату сала­сын­да халықа­ралық тәжірибе алмасу. Бас­қосу жоғары деңгейде өтті. Әлемнің түпкір-түпкірінен, еліміздің әр аймағынан келген ғалым­­дар киелі жерлер геогра­фия­­сының теория­лық-әдісте­ме­лік негіздері, Қазақ­стан­ның рухани қасиетті орын­дарын зерттеу, сақтау және көп­ші­лікке тарату бойынша практикалық ұсы­ныс­тар, Қазақстанның киелі жер­­ле­рінің географиясы: музей кеңіс­ті­гін­де қайта таныстыру мәсе­ле­лерін жан-жақты талқы­лап, ой­ла­рын ортаға салды, – деді Ө.Қажым­ғалиев.