Өскеменде баласымен жалаңаш жүрген әйелді тұрғындар видеоға түсіріп алыпты
Өскеменде баласымен жалаңаш жүрген әйелді тұрғындар видеоға түсіріп алыпты
463
оқылды
Бұл видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түскен.
Видеода жас әйелдің бағдаршамға тоқтаған көліктердің ішіне кіруге талпынып, жолдың ортасындағы асфальтқа жатып алып, ерсі қылықтар көрсетіп тұрғаны түсіп қалған.

Altaynews басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ана мен баланың үстінде киім болмаған. Сол маңда жүрген адамдар оқиға орнына құқық қорғау қызметкерлерін шақыртқан.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, келіншек баласымен медициналық мекемеге жеткізілген. «Әйелдің жасы 33-те, бала – алты айлық. Қазіргі уақытта ол психоневрологиялық диспансерге тексеруге жеткізілді, нәресте – Ана мен бала орталығында» делінген хабарламада. [embed]https://youtu.be/43RQqsPsNWA[/embed]