Әскери шабуыл бойынша жаттығу барысында басынан қатардағы сарбаз А.Каримов жараланған болатын. Оның басына оқ тиген.«Қазіргі уақытта сарбаз ауруханада жатыр. Оның денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, жағдайы тұрақты», - деп түсіндірді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қылмыстық қудалау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.