Жолақы SMS арқылы төлеу тоқтатылады
Жолақы SMS арқылы төлеу тоқтатылады
225
оқылды
Бұл жөнінде қалалық City Transportation Systems компаниясы Instagram-да хабарлады.
«Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары! 28 қыркүйектен бастап Tele2 және Altel ұялы байланыс операторы тарапынан техникалық ақауға байланысты қоғамдық көлікте жол жүру ақысын SMS арқылы төлеу уақытша тоқтатылады. Жүйе қалпына келген жағдайда қосымша хабарлаймыз» деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жолақысын көлік картасымен және QR-код арқылы төлеуге болады.