Қазақстандық жас боксшы 30 секундтың ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)
Қазақстандық жас боксшы 30 секундтың ішінде қарсыласын нокаутқа түсірді (видео)
313
оқылды

Жекпе-жектен соң Ахмедов мәлімдеме жасады

Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтіп жатқан бокс кешінің андеркартында жұдырықтасқан қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов америкалық қарсыласын 30 секундта нокаутқа түсірді. 

Эндрю Эрнандеспен бокстасқан Ахмедов супер орта салмақтағы WBC International Silver титулына таласқан болатын. Кездесу әу баста 12 раундқа жоспарланған. Алайда Ахмедов оны созып жатпады. Жекпе-жек тағдыры небәрі бірінші раундта-ақ шешілді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы WBC белдігін сәтті қорғап қалды. Бұл оның кәсіпқой рингтегі 16-ы жеңісі. Ал қарсыласы осымен сегізінші рет жеңіліп отыр.

«Бүгінгі жекпе-жектің дәл осылай аяқталғаны үшін қуаныштымын. Біз жақсы дайындық жасадық. Мен бұл кездесуге дайын болдым.

Маған мықты қарсыластар таңдап беру үшін промоутерім үлкен жұмыс істеп жатыр. Шынын айтсам, кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын. Кез келген мықты боксшы үшін ашықпын. Тек менің промоутеріммен байланысса жетіп жатыр. 


Мен алдымен 168 фунтта жұдырықтасуға көңіл бөлгім келеді. Сосын барып басқа категорияларға мойын бұрамыз» деді Ахмедов кездесуден соң.