Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл астанада 150 көше жөнделеді, - деп хабарлайды aikyn.kz.
Есіл өзені мен Нұр-Есіл каналының үстінен тағы бір жаңа көпір салынады.
Қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында: «Жаңа жолдар мен көпірлер кептеліс көбейіп жатқан көшелердің жүгін азайтып, жақын маңдағы аудандар мен жалпы, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасаймыз. Nova City маңындағы №27 көшені № 39 көшемен (Тәуелсіздік) жалғайтын көше құрылысымен таныстым», – деп жазды.
Оның айтуынша, әуежай бағыты мен Тельман тұрғын алабы арасын қосатын жол тұрғындарының қалаға қатынайтын жолын мейлінше қысқартады.
[caption id="attachment_75446" align="aligncenter" width="597"] Фото: Алтай Көлгіновтың парақшасынан алынды[/caption]
Мәңгілік ел мен Ұлы дала даңғылдарындағы кептелісті азайтады.
Осы екі жаңа көшеден Есіл өзені мен Нұра-Есіл каналы үстінен екі көпір салынып, екі жағалауды жалғайды.