Франциядағы 13 ірі қаланың мэрі үкіметтен босқындар мәселесін тез арада шешуді талап етті.
Аймақ басшылары босқындар жөнінде хатты үкіметке жіберген. Олар мигранттар мәселесін өз деңгейінде күн сайын шешіп келеді. Десе де, үкіметтен гуманитарлық орталықтарды ашуды сұрап отыр.
Франция президенті Эмманюэль Макрон босқындарды қабылдау квоталарын енгізуді ұсынған еді.
Ұлттық ассамблея депутаты Пьер Кабаренің пікірінше, келімсектің бәрін бірдей қабылдау қиын. «Біз тек өз мемлекетінде қудаланған босқындарды қабылдауымыз керек. Францияда жүрген мигранттардың көбіне ондай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ. Мысалы, албаниялық босқындарға «саяси босқын» мәртебесін бере алмаймыз. Осы проблеманы Еуропа болып шешуіміз қажет» деп санайды.