Еліміздегі қоғамдық-саяси процесті дамытудағы оңды қадам
Еліміздегі қоғамдық-саяси процесті дамытудағы оңды қадам
242
оқылды
Еліміздегі саяси процесті оятып, қоғамдық болмыстың бойына қан жүгірткен праймериз аздаған уақыт ішінде өзіндік жаңарту рөлін орындады. Аймақтарда көптеген жас буын өкілдері саяси сайыстың не екенін сезінді, көрді. Аудан, қала, облыс деңгейінде саяси аренаға жаңа тұлғалар шыға бастады. Елімізде жаңа тұрпаттағы саяси мәдениет қалыптастырудың институты жанданды. Саяси дискуссия, дебат өткізудің дәстүрі қалыптасып жатыр. Праймериз еліміздегі қоғамдық процесте проблемалардың бар екенін де көрсетті. Соның негізгісі, саяси додадағы дауыс беру ерекшелігі, әкімдердің сайлауға араласуы, азаматтардың сайлау кезінде үгіт-насихат жұмысын тікелей халықпен өткізуге дағдыланбауы, кандидаттар арасындағы альянс, одақ құру практикасының тапшылығы. Бір жағдайды түсініп, ұғыну маңызды,  әлеуметтік желіде отыру мен саяси процесске араласу екі түрлі мәселе. Электорат, әсіресе, «Nur Otan» партисының мүшелері әлеуметтік желіге әуес емес. Дегенмен, бұл праймериз еліміздегі қоғамдық-саяси процессті дамытудағы оңды қадам. Бұл практика Орталық-Азия елдерінде бірінші рет өтіп отыр. Еліміздің саяси плюрализм практикасын қалыптастырудағы нақты процесс. Көш жүре түзеледі. Ол анық. Сондықтан, әрбір қадамнан терең пайым жасап, болашаққа сенімді қараған жөн. Саясат дегеніміз сәтсіздік пен жеңістен тұрады. Праймеризге қатысқан азаматтар үшін қомақы практика, кемелді саяси мектеп. Болашақта ауыл-село әкімдерінің сайлауы, басқа да электоралды кезең келе жатыр. Соған дайын болу керек. Бүгінгі праймериз еліміздегі «саяси ұлтты» қалыптастырудағы нақты қадам. Праймеризге қатысқан көптеген жас жеткіншектің потенциалын жақсы білемін, болашақ мықты менеджер, министр, аузы дуалы Мәжіліс  депутаттары келе жатыр. Қуантарлығы осы.

Ерлан САИРОВ,

саясаттанушы