Тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды
Тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды
363
оқылды
Nur Otan партиясының Рес­публикалық қоғамдық қа­былдау бөлмесінде Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек азаматтарды же­ке мәселесі бойынша қа­былдады. Кездесуде жұмыс­пен қамту, жатақханалардағы орындардың болмауы және тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқы­лан­ды.

– Қоғамдық қабылдауға кел­ген тұрғындар, бейнебайланыс ар­қылы хабарласқан тұр­ғын­дар­­дың көпшілігі жұмысқа ор­на­ласу, тұрғын үймен қамту, спорт­тық нысандардың аздығы жә­не т.б. әлеуметтік мәселелер бойын­ша көмекке жүгінді. Біраз мә­селенің шешімі сол жерде та­былды. Қалған сұрақтардың ше­шімін жақын арада табатын бо­ламыз. Биылдың өзінде рес­публикалық қоғамдық қабыл­дау­ға 140 мыңнан астам азаматтан хат келіп түсті. Оның 40%-ы оң ше­шімін тапса, 56%-ы түсіндіру жә­не бағыт беруді қамтып отыр. Бұл дегеніміз біздің партия ха­лық­тық партия екенін және пар­тияға деген ел сенімінің жоғары еке­нін көрсетеді, – дейді Дәулет Кәрібек.

Қоғамдық қабылдауға елор­да тұрғындарынан бөлек, бей­небайланыс арқылы өзге өңір аза­маттары да байланысқа шы­­­­­ғып, сауалдарын жолдады. Қа­был­­дауға келген 11 баланың ана­­сы Зейнеш Алжымбаева ба­­­лаларын түрлі үйірмелерге бе­ріп, шамасы келгенше, спорт пен өнерге баулып жүргенін айт­­ты. 9-сыныпты бітірген ұлы қа­зақ күресімен кәсіби түр­де ай­налысады екен. Әңгіме ба­ры­сында көпбалалы ана ба­ла­­сы­ның аспаздық өнерге де қы­­­зығушылығы барын тілге тиек етті.

– Күреске барып жүрген ұлым осы қалпынан таймаса, келешекте чемпион болады деп үміттенемін. Оның бойынан бір емес бірнеше қабілеттің барын байқадым. Та­мақты жақсы әзір­лейтін ұлым­ды мүмкіндік болса, аспаз курсына бер­гім келеді. Соған сіздердің та­рап­тарыңыздан қандай да бір кө­мек бола ма деген үмітпен ке­ліп отырмын, – деді Зейнеш Алжымбаева.

Өз кезегінде Дәулет Кәрібек бұл мәселе бойынша көпбалалы ана­ға жасотандықтардың жәр­дем­десетінін жеткізді.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша көмекке ж­ү­гінген Петропавл қаласының тұр­ғыны, балалар үйінің бұрын­ғы тәрбиеленушісі Мадина Нұр­сейі­това 10 жылдан бері пәтер ке­зегінде тұрғанын, жалдамалы пә­тер жалдаудан шаршағанын айт­ты.

Jas Otan Жастар қанатының тө­рағасы Ұлттық экономика ми­нистрлігінің мәліметі бойынша, тұр­ғын үй кезегінде 300 мыңға жуық адам кезекте тұрғанын тілге тиек етіп, тұрғын үй кезегінің не­ге ұзаққа созылып жатқанын анық­тап беруге уәде берді.

Орал қаласының студенті Ұл­бала Тоғызбай Жастар жы­лын­да жастарға жеңілдіктер бе­рілу керегін, әсіресе, қоғам­дық кө­ліктерде олар тегін жүр­­се, жас­тарды баспанамен қам­та­ма­­сыз ету мәселелері тезірек ше­­шімін тапса деген тілегін жет­кізді. Дәулет Кәрібек Jas Otan бұл мәселені шешу жолын қа­растырып отырғанын атап өтті.

– Елбасы Н.Назар­баев Қа­зақ­станда 75 мың орынды сту­дент­тік жатақханалар салуды тапсырған болатын. Қазіргі кезде осы мақ­сатта жұмыстар атқарылуда. Де­ген­мен жатақхана мәселесі әлі де толықтай шешімін тапқан жоқ. Мәселен, Еуразия ұлттық уни­­­­­верситетінде 3 мың студент ж­а­тақханаға мұқтаж. Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дағы 7 мың сту­дент жатақханадан орын ала ал­мады. Біз университеттердің бас­шылығымен бірлесіп, құрылысқа кәсіпкерлер мен инвесторларды тарту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, – деді Jas Otan Жастар қанатының төрағасы.

Кездесу соңында қоғамдық қа­был­дауға қатысқан азаматтардың өтініштері толықтай қаралып, мүм­кіндігіне қарай шеші­мін табатыны айтылды. Тұр­ғын­дар­дың мәселелері бойынша, жауап­ты органдарға берілген тап­сырмалардың орындалуы жіті қа­дағаланады.