COVID-19-бен күресуге жұмылған 3 841 медицина қызметкері коронавирус немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді берілді.
Сондай-ақ, МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкерінің туыстарына төлем жасалыпты.
«5 қазан сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 3 841 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 37 медицина қызметкеріне қатысты ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (759) мен Алматы (427) қалалары және Қарағанды (404), Шығыс Қазақстан (298), Батыс Қазақстан (261), Ақмола (256) облыстары бойынша жүргізілді», - делінген хабарламада.