Түлектер үй тұрғызып берді
Түлектер үй тұрғызып берді
390
оқылды

Елбасы – Nur Otan пар­тия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев халықпен кері бай­ла­нысты жүйелі жолға қойып, әр өтінішті назардан тыс қал­дыр­май, дер кезінде әрекет ету­ді тапсырды. Осыған орай, қа­зіргі кезде партияның Ақтө­бе об­лыстық филиалы қоғам­дық қа­былдау жұмысын одан сайын жан­дандыра түсті.

Әрбір келіп түскен өтініш мін­дет­ті түрде тіркеліп, толығымен ше­шімін тапқанға дейін қатаң ба­қы­лауға алынады. Соның арқасында бү­гінде партия филиалындағы оң шешілген мәселелер саны да, пар­тия­ға ризашылығын білдірушілер қа­тары да арта түсті.

Nur Otan партиясы Ақтөбе об­лыс­тық қоғамдық қабылдау бөлі­мі­нің меңгерушісі Дархан Боран­құл­дың айтуынша, облыс тұрғындарын үш мәселе көбірек толғандырады екен. Қоғамдық қабылдауға өтініш біл­­діргендердің 30 пайызы әлеу­мет­тік мәселе (жәрдемақы, қайы­рым­ды­лық және материалдық көмек), 18,5 пайызы тұрғын үй мен жер бөлу, 13,1 пайызы жұмыспен қамту мә­селесі бойынша көмек сұраған. Жыл ба­сынан бері пар­тия­ның Ақтөбе об­лысындағы фи­лиал­дарына өтініш біл­дірген 2 345 тұр­ғынның мәселе­сі­нің 46 пайызы оң шешімін тапқан.

Мәселен, Ақтөбе облысына қа­рас­ты Темір ауданында 18 жылдан бері баспанасыз жүрген мүмкіндігі шек­теулі азамат Нұрлыбек Бекенеев пар­тиялықтар көмегімен баспаналы бол­ды. Ол көктемде партия фи­лиа­лы төрағасының бірінші орынба­сары Азамат Нұрғалиевтың қабыл­дауында болып, 1-топ мүгедегі бол­­ғандықтан жұмыс істеуге жағ­дайы келмейтінін, ал жолдасы бала кү­тімімен үйде отырғанын айтқан. Сол сәттен бастап партиялықтар көп­балалы отбасыға көмек көрсету жол­дарын іздестіре бастайды.

Осы кезде мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған Шұбарқұдықтың 1989 жылғы түлектерінің басы қо­сыл­ған болатын. Түлектердің бірі Аза­мат Нұрғалиев көпбалалы отба­сына асарлатып көмек көрсету тура­лы ұсынысын сыныптастарына ай­тады. Олар жәрдем беруге бі­рауыз­­дан келіскен.

– Бірнеше жылдан бері бас­па­на­сыз жүрдім. Көрінгеннің үйін жал­дап келдік. Аллаға мың шүкір, өмір­де жүрегі кең, мейірімді, қайы­рым­ды жандар бар екен. Бұл бізге Ал­ланың жіберген үлкен сыйы бол­ды. Партиялықтарға, Шұбарқұдық мектебінің 1989 жылғы түлектеріне ризамыз, – дейді Алтынай Бекенова.

Партияның Ақтөбедегі фи­лиа­лына мәселесін айтып келген көп­ба­лалы аналардың бірі – Айсәуле Са­тыбалдиева. Ол биыл партия­лық­тар­дың көмегімен балаларын мек­теп­ке әзірлеген.

– Он баламның алды колледжде оқиды, алтауы мектеп жасында. Был­тыр «Мектепке жол» акциясы ая­сында партия филиалы қол ұшын соз­ған болатын. Екі баламның киім-ке­шегіне қаражатым жетпей қалған соң биыл да партиялықтардың кө­мегіне жүгіндім. Дер кезінде көр­сет­кен көмектеріне ризамын, – деп ағы­нан жарылды көпбалалы ана.

Мәселесі шешілгеніне риза­шы­лығын білдіргендер саны мұнымен шек­телмейді. Мәселен, ең шалғай ау­дан – Шалқардың тұрғыны ал­ғы­сын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіпті.

– Тамыз айында тұрғын үйіме ауызсу құбырын тарту және өзімді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша Nur Otan партиясына Facebook әлеуметтік желісі арқылы өтініш қалдырдым. Өтінішім на­зарға алынып, үйіме ауызсу құ­быры 50 пайыз жеңілдікпен кіргізілді жә­не қоғамдық жұмысқа орналасуыма ық­пал жасады. Осы мәселенің оң ше­шілуін өз бақылауына алған Nur Otan партиясы Шалқар аудандық фи­лиалының төрағасы Бауыржан Қа­ниевқа және партияның аудан­дық филиалы ұжымына үлкен алғыс білдіремін, – деген тілегін жеткізді Динара Боранбай.

Айтуынша, ол қазіргі тұрып жатқан үйіне осыдан 7 жыл бұрын анасымен бірге көшіп келген. Анасы зейнеткер, ал өзінің көзі нашар көретін болған соң үйінен қашықта орналасқан колонкадан су тасу қиындық туғызған. Сондықтан үйі­не ауызсу құбырларын тартуға және жұмыс мәселесі бойынша әлеу­меттік желі арқылы партиядан кө­мек сұрайды. Кейін партияның Шал­қар аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Ди­нараны жеке қабылдап, су мәселесі бойынша «Ұлы Борсық» КММ-імен хабарласады. Сөйтіп, екінші қабатта ор­наласқан пәтеріне су құбырлары 50 пайыз жеңілдікпен жүргізіліп, ол ақы­лы қоғамдық жұмысқа орна­ла­сады.

Партиялықтар жаңадан салы­нып жатқан «Бауырластар-1», «Жаңа­қоныс-2» тұрғын үй алабы тұр­ғындарының да ауызсу мәселесін шешіп берді. Нақтырақ айтқанда, су құбырлары тартылып біткенше кө­шелерге «Ақбұлақ» АҚ көмегімен су колонкалары орнатылды. Өті­ні­шін көшпелі қоғамдық қабылдауда біл­дірген тұрғындарға партия фи­лиалына келудің қажеті де бол­мап­ты. «Жаңақоныс-2» тұрғын үй ала­бы­ның тұрғыны Айгүл Сатбаева ен­ді үйінің дәл іргесінен су алып, ауыз­су қиындығы артта қалғанына қуан­ды.

Айта кетейік, Елбасы – Nur Otan пар­тиясы Төрағасының бас­та­ма­сы­мен қолға алынған «Халыққа көмек» жо­басы арқылы Nur Оtan партиясы бү­гінгі таңда қазақстандықтардың күн­делікті өміріндегі өзекті мә­се­лелерін шешуге атсалысып келеді. Nur Otan партиясы Ақтөбе облыс­тық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Боранқұл сөз соңында аталған жоба аясында мем­лекеттік орган өкілдерінің, фракция мү­шелерінің және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен осы кез­ге дейін 59 қабылдау өткізіп, оған жалпы саны 521 тұрғын қамтылға­нын айтты.