«2020 жылы физиология мен медицинадан Нобель сыйлығы вирусологтер – Харви Алтер, Майкл Хоутон және Чарльз Райсқа тағайындалды. Нобель комитетінің хабарлауынша, олар С гепатитімен күресте шешуші рөл атқарған. Яғни, 1989 жылы ғалымдар вирустың РНҚ-сы арқылы оның А және В гепатитіне жатпайтын, бірақ соған ұқсас ауруды тудыратынын анықтаған. Бұл жаңалық инфекцияны анықтайтын тест жүйесі мен дәрі жасауға мүмкіндік берді, соның арқасында миллиондаған адамның өмірін аман алып қалдық» делінген сыйлықты тағайындау туралы мәлімдемеде.
Еске салайық, биыл Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі 5-12 қазан аралығында жарияланады. Салтанатты марапаттау рәсімі Стокгольм мэриясынан тікелей таратылады. Оған түрлі елдер қосылады. Бұған дейін іс-шара Стокгольм филармониясында өтетін. Сыйлық жеңімпаздарға елшілік пен университет өкілдері арқылы табысталады.