Еліміздің барлық аймағында толассыз жауын-шашын
Еліміздің барлық аймағында толассыз жауын-шашын
148
оқылды
6 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы антициклон ықпалының төмендігіне орай солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде толассыз жауын-шашын болады. Оның арты қарға ұласуы мүмкін. Ал еліміздің қалған аумақтарында күн жауын-шашынсыз өтеді.
Шығыста және орталықта көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл болса, еліміздің кей жерлерінде тұман басып, жел күшеюі мүмкін.  «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп, Жамбыл облысының кей жерін тұман басуы ықтимал. Сондай-ақ түнгі Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.