Дональд Трамп Ақ үйге оралды
Дональд Трамп Ақ үйге оралды
149
оқылды
Осыған дейін ол коронавирус дертінен Уолтер Рид ауруханасында емделген еді.
Дәрігерлердің айтуынша, президент тәуір болып, ауруханадан шығарылды. "Соңғы бірнеше күнде Дональд Трампта дене қызуы байқалмайды, қанындағы оттек деңгейі де қалыпты. Дегенмен президент ремдесивир дәрісін қабылдауды жалғастырады" дейді дәрігер. 
Таяуда Дональд Трамп өзін жақсы сезіп тұрғанын және жұмысқа оралуға дайын екенін мәлімдеген болатын.