Қостанайда салмағы 6 келіден асқан сәби дүниеге келді
Қостанайда салмағы 6 келіден асқан сәби дүниеге келді
186
оқылды
Сәби 1 қазан күні Қостанай облысындағы Рудный қалалық көпсалалы ауруханасында дүниеге келді. Оның есімі – Елжан. Аурухананың акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаеваның айтуынша, мұндай жағдай өзінің көп жылдық тәжірибесінде бірінші рет болып отыр.
«Әрине, 5800 грамм, 5900 салмақтағы нәрестенің дүниеге келгені болды. Бірақ дүниеге алып сәбидің келуі – бірінші рет. Ол – отбасындағы төртінші бала. Бастапқыдан-ақ оның үлкен екенін байқап, баланы кесар тілігімен алдық», - дейді дәрігер.
сәби ©Сурет интернеттен алынды35 жастағы ана сәбиі ірі болады деп ойламаған екен. «Оның алдындағы балаларымның салмағы – 3800, 3890, 4670 болған. Ұлымның ірілігі сол шамада болады деп ойлағанмын. Алайда балам күткенімнен ірі болып шықты. Құдайға шүкір, қиын болса да бәрі жеңіл өтті» дейді Динара Ержанова. Жалпы, 5 келіден асқан нәресте алып болып саналады. Мұндай сәбидің дүниеге келуі өте сирек екен.