Алматы облысын қар басып, көліктер жолда қалды (видео)
Алматы облысын қар басып, көліктер жолда қалды (видео)
342
оқылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, Алматы облысы қар астанда қалған.
«Сағат 16.40-та Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Кеген ауданында, «Кеген-Ақсай» облыстық маңыздағы автожолдың 15-шақырымындағы Кеген асуында қардың мол жаууынан көліктер жиналып қалғаны хабарланды», - дейді департамент өкілі.
Оқиға орнына жеткен кезде биіктігі 7-8 см қар салдарынан жазғы шинамен жүрген автокөліктер биіктікке шыға алмай қалған. Асуда 27 көлік, оның ішінде 6 жүк көлігі тұрып қалған.
«ТЖД қызметкерлері Кеген ауылына 4 адамды эвакуациялады – ауруханаға бара жатқан ер адамды және екі баласы бар әйелді. «Қазавтожол» ЖШС қызметкерлері автожолды тазарту және инертті материалды шашу бойынша жұмыстар жүргізді. Қар тоқтады, автокөліктер қалыпты режимде қозғалуда. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», - деді ведомстводан.
[embed]https://www.instagram.com/p/CGAoEnnproB/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]