Елімізде зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуі ұсынылды
Елімізде зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуі ұсынылды
207
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша COVID-19 вирусы жасы алпыстан асқандарды алып кетіп жатыр.
Жалпы, алпыстан кейін қартайып, иммундық реакциясы төмендейтіндіктен, денсаулық нашарлап, ауру-сырқауы көбейеді. «Бұл жағдай вирус жұқтыру ықтималдығын арттырып, індет жұқтырған жағдайда алпыстан асқан кісі қайтыс болып та кетуі мүмкін», - деді Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы, ҚР Парламентіндегі аталмыш партия фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров
Оның мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 2020 жылдың тамыз айынан бері 110 981 адам қайтыс болған. Олардың ішінде жасы алпыстан асқандардың саны – 78 637, яғни 71 пайызы. Күн суығандықтан ел ішінде тұмау-сырқау артып, COVID-19 вирусынан өлім-жітім ықтималдығы күшейе түсуде.
 «Қазақстан халқы үлкенге құрмет көрсете білетін жұрт. Коммунистер COVID-19 вирусының екінші толқыны келетіні болжанып жатқан уақытта әсіресе егде жастағы кісілерді сақтауымыз керек деп есептейді. Олардың оқшаулануына жайлы жағдай жасалып, олардың мәселелерін реттей білуіміз керек. Осыған байланысты «Халық коммунистері» фракциясы азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын қайта қарауды ұсынады. 2013 жылы әйелдердің зейнет жасын ұзарту бойынша зейнетақылық реформаға қарсы шыққан едік. Республиканың түкпір-түкпіріндегі азаматтарымыздың үніне құлақ аса отырып, әйелдер мен ер адамдардың зейнет жасын 60-қа дейін төмендетуді ұсынамыз», - деді ол.