Бетперденің бағасы 40 теңгеге түсті
Бетперденің бағасы 40 теңгеге түсті
241
оқылды
Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елдегі  медициналық және қорғаныш маскалардың бағасы тағы төмендеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдар мен «Атамекен» АЭС-пен және отандық өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша қорғаныс бетперденің ең жоғары бөлшек сауда бағасын 40 теңге, бір реттік медициналық бетперде – 60 теңге мөлшерінде анықтады», - делінген хабарламада.
Бүгін вице-премьер Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен отырыста коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық аясында жаңа шаралар әзірленді.