Корея: Мигранттар ел аумағынан шығатынын 3-15 күн бұрын ескертуі тиіс
Корея: Мигранттар ел аумағынан шығатынын 3-15 күн бұрын ескертуі тиіс
171
оқылды

Баланы қағып кеткен қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға барды.

M.yna.co.kr-дың жазуынша, жол-көлік оқиғасына кінәлі қазақстандық Оңтүстік Кореяға оралып, кешірім сұраған. Ол Инчxон аэропортында тоқтаған.

Жеті жасар бала жансақтау бөліміне түсіп, 18 түрлі жарақат пен бас-ми жарақатын алған.

Күдікті Павлодардан табылған. Осы оқиғадан кейін Оңтүстік Корея елге заңсыз кірген шетелдіктерге қатысты ережені күшейтуге шешім қабылдаған. Бұдан былай мигранттар елден кететіндігі туралы 3-15 жұмыс күн бұрын хабардар етуі тиіс.

Осыған дейін 20 жастағы еңбек мигранты баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалып, оралғанын жазған болатынбыз.