Тұрғындармен кездесу маңызды
Тұрғындармен кездесу маңызды
418
оқылды

Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінің мәжіліс залында Nur Otan партиясы Бәйтерек аудандық филиалының отырысы өтті. Жиында Nur Otan партиясы Бәйтерек аудандық филиалының төрағасы Асхат Шахаров, Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық филиалдың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Төремұратов және Jas Otan Жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев және т.б. сөз сөйледі.

– Елбасының төрағалы­ғымен өткен Саяси кеңес оты­рысында «Сенім. Диалог. Бо­лашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаң­ғырту бағдарламасы ұсынылды. Осыған орай, біз сіз­дермен бірге партиялық жұмы­сымызды қайта жүктеу мәсе­ле­лерін тал­қылап, оның алдағы уа­қыттағы стратегиясы мен так­ти­касын қайта әзірлеуіміз қажет. Біз халықтың басындағы үлкен-кі­ші­лі мәселелерді жедел түрде шешу жолдарын қарасты­руы­мыз керек. Ол үшін мемле­кеттік және уәкі­летті орган­дармен, депутат­тармен бірлесіп тығыз жұмыс іс­тегеніміз жөн. Филиал төра­ға­ларының бірінші орын­басар­ла­рынан бас­тап, қыз­мет­керлер, мәслихаттар­да­ғы пар­тия фрак­циясының ­де­­п­у­­­таттары енді селолық ок­руг­­терде, елді ме­кен­дерде жос­пар­лы жиын­дар­дан гөрі тұрғын­дармен жиі кез­де­су өткі­зуді жоспарлап отыр, – деді А.Шахаров.

Күн тәртібіндегі мәселеге қа­тысты Nur Otan партиясы Ба­тыс Қазақстан облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев та ойын білдірді.

– Біздің алдымызда үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Еліміздегі жетекші партияның беделін көтере түсу, партия ұсынған бағдарламалар аясында жұмыстану ел бірлігін, тұтас­тығын сақтауға негізделген. Ел­дегі атқарылып жатқан жұмыс­тарға депутаттарды, белсенді жастарды қатыстыру арқылы партия абыройы да арта түседі. Партия идеясы аясында өмірге келген бағдарламалардың бар­лығы да халықтың тұрмысын жақ­сартуға, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Осы ­ба­ғытта бірлесе атқарып отыр­ған жұмысымыз нәтижелі бол­сын, – деді ол.

Еркін форматта өткен актив жұмысына аудан әкімінің орын­басары, филиал төрағасының бірінші орынбасары, Саяси ке­ңес мүшелері, мәслихаттағы фрак­ция мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партия белсенділері, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар, қоғам­дық ұйым өкілдері қатысты. Іс-шарадан соң ауданға келген меймандар Бәйтерек аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысты.