Apple компаниясы iPhone 12 смартфонын таныстырды
Apple компаниясы iPhone 12 смартфонын таныстырды
162
оқылды
Америкалық Apple компаниясы өзінің онлайн презентациясы кезінде көпшілікке жаңа iPhone 12 смартфонының моделін таныстырды. Жаңа смартфонға бесінші буын желілерін (5G) қолдайтын жаңа Apple A14 чипі салынған. Чиптің екі қуатты ядросы және қарапайым тапсырмалар үшін тағы төртеуі бар, графикалық жүйенің төрт ядросы бар. Гаджеттің артқы жағында әрқайсысында 12 мегапиксельді қос камера бар. Алдыңғы модельдерден айырмашылығы – жаңа iPhone-да телеобъектив жоқ. Смартфонның OLED дисплейінің максималды жарықтығы 1200 нитке тең. Дисплейдің тұнықтығы – 2532-ден 1170 пикселге дейін, пиксель тығыздығы – 460 дюймге тең. Сырттай жаңа iPhone өз стиліндегі тегіс жиектері бар жаңартылған дизайнымен ерекшеленеді, оның пішіні 11 пайызға жұқарып, 15 пайызға кішірейіп және 16 пайыз жеңілдеген. Сондай-ақ, смартфон магниттерді пайдаланып артқына аксессуарларды бекітуге мүмкіндік беретін MagSafe технологиясымен жабдықталған. Осылайша, жаңа модельге сымсыз зарядтағышты, сыртын қаптауға арналған аксессуарды және басқа керек-жарақтарды қосуға болады. Құлаққаптар мен қуат көзі жинақтауға қосылмайды. Смартфон салынған қорапта тек нұсқаулар мен Type-C-Lightning зарядтайтын сымы болады. Сонымен қатар, Apple тұсаукесерде iPhone12 mini смартфонын ұсынды. Бұл iPhone 12-ге ұқсас құрылғы, тек пішіні кішірек. Пайдаланушы құрылғыны олардың өлшемдеріне сәйкес таңдауға мүмкіндік алады. Жаңа iPhone құрылғысының минималды құны шамамен 340 мың теңге, iPhone 12 mini – шамамен 300 мың теңге.