Қоғамдық қабылдауда – Энергетика министрі
Қоғамдық қабылдауда – Энергетика министрі
335
оқылды

Nur Otan партиясының Рес­пуб­ликалық қоғамдық қа­былдау бөлмесінде Энер­ге­ти­ка министрі Қанат Бозым­баев азаматтарды қабыл­­дады.

Министрмен кездесуге бар­лығы 5 адам жазылды. Олардың төртеуі бейнебайланыс арқылы сауалдарын жолдап, өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Ал Нұр-Сұлтан қаласының тұр­ғыны қабылдауға арнайы кел­ді. Алғашқы болып Алматы қала­сы­нан байланысқа шыққан Жалғас Әбілов Талғар аудандық электр желісінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

– Мен Кеңсайда тұрамын. 2008 жылы осы жаққа көшіп келдім. Содан бері жарықпен арпалысып келеміз. Жарық күндіз 65-70 вольтқа дейін барады, ал түнде 300 вольтқа дейін көтеріліп кетеді. Тоңазытқыш, теледидардан бастап біраз дүниелеріміз істен шықты. Амалсыз трансформатор алдық. Оны да күйдіріп жіберді. Жақында газ келді. Одан кейін пеш сатып алдық. Пештің өзі тоқпен жұмыс істейді. Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар үшін осы мәселе өзекті болып тұр, – деді Жалғас Жылқайдарұлы.

Аталған мәселені шешу үшін арнайы комиссия құрылатынын айтқан министр осы мақсатта атқарылатын жұмыстың бәрі толық бақылауда болатынына сендірді.

– Алматы Жарық ком­па­ния­­сының мәліметінше, Тал­ғар ауданындағы автотранс­форматордың тозығы жеткен, желілері әбден ескірген. Біз тиісті комиссия құрып, мұның бәрін зерттеп, жағдайды қалай реттеуге болатынын қарастырамыз. Бұл бір күннің ішінде шешілетін мә­селе емес. Жаңарту керек, жаңа трансформатор орнату керек, желілерді де жөндеу керек. Со­ның бәрін пысықтауға 1 айға жуық уақыт кетеді, – деді Қанат Бозымбаев.

Шамалған ауылының тұрғыны Алпамыс Аманов ТОО «Сигма» компаниясы орнатқан газдың бағасы тым қымбат екенін, бұл тұрғындарға қиындық туғызып отырғанын жасырмады.

– Біздің ауылға ТОО Сигма компаниясы газ құбырын ор­натты. Бірақ бағасы өте қымбат. Газды үйге кіргізіп бергенге 10 метр труба ғана кетеді екен. Со­ған 180 мың теңге сұрап отыр. Оны қосу үшін тағы 180 мың тең­ге береді екенбіз. Пеш ала­сың, тағы да басқа ұсақ-түйек жұмыстары бар. Осының бәрін есептегенде, әр отбасынан 870 мың теңге ақша кетеді. Бұл тұр­ғын­д­ар үшін аз сома емес. Осы мә­селе бойынша көпбалалы отба­сыларға немесе әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жеңілдік қарастырылған ба? Жағдайды бақылауға алып, көмек көрсетсеңіздер екен, – дейді ол.

Алпамыстың әңгімесін тың­дап, өтінішіне құлақ асқан ми­нистр, бұл жағдайға да өз жауабын берді.

– Сигма – жекеменшік компа­ния. Бұл компания инсвестиция тартып, сіздердің ауылдарыңызды газбен қамтамасыз етіп отыр. Әрине, олар өздері инвестиция құйғаннан соң сол соманы те­зірек қайтару мақсатында жұмыс іс­теуде. Жалпы, 170 мың – өзге өңірлермен салыстырғанда, орташа сома. Басқа облыстарда 250, 304 мың теңгеден екен. Бұл мәселені әлі де зерттеу ке­рек. «ҚазТрансГаз» ұлттық ком­па­ниясының басшылығына тап­сырма беремін. Олар сіздер­дің ауылдарыңызға келіп, осы мә­се­ле­мен танысады. Егер «Сиг­ма» тұр­ғандардан артық ақша сұрап отырса, онда біз оларды кең­семізге шақырып, сөйлесеміз, – деді Қанат Бозымбаев.

Қабылдауға жазылған Жамбыл облысының тұрғыны Нариман Айдаралиев энергетикалық тоқ өндіру саласындағы ин­но­вациялық жобасын ұсынды. Дегенмен сөз арасында бұл жо­ба­сын патенттеуге асықпай­ты­нын айтты. Өз кезегінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жобаны осы саладағы мамандармен талқылауды, егер ол мақұлданса, идея авторын елордаға шақыратынын тілге тиек етті.

Министрмен кездесу ба­рысында Mitsubishi компания­сының өкілі Бақтияр Айтқазыұлы құрылыс саласындағы энер­гетикалық шешімдер бойын­ша ұсынысын білдірсе, Батыс Қа­зақстан облысының тұрғыны Алексей Иголкин үйінің аула­сы­­нан өтетін газ құбы­рын алып тас­тауды сұрады. Қоғам­дық қабылдауды қорытын­ды­ла­ған Энергетика министрі азамат­тардың барлық өтініштері жан-жақты зерделеніп, мәселелерді шешу жолдары бойынша тиісті іс-шаралар қолға алынатынын жеткізді.