Бұл сөздерді ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Гуандун провинциясындағы әскери базаға барғанда теңіз жаяу әскерінің корпусына қаратып айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Си Цзиньпин әскерилерден адал, сенімді және мінсіз болуды талап етті.
«Сіздер соғысқа баруға дайын болу үшін ақыл мен күшіңізді жинап, барынша сақ болуыңыз керек», - деді ол.
Сондай-ақ Си Цзиньпин теңіз жаяу әскері корпусын қытайлық армияның таңдаулы бөлімшесі деп атап, елдің егемендігін, қауіпсіздігін, территориясы мен мүддесін қорғауға шақырды.