Шақалақты тірідей тоңазытқышқа салу ісі: Перзентхананың экс-басшысы мәлімдеме жасады
Шақалақты тірідей тоңазытқышқа салу ісі: Перзентхананың экс-басшысы мәлімдеме жасады
293
оқылды
Атырауда шақалақты тірідей тоңазытқышқа салды деп айыпталып жатқан перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы Қуаныш Нысанбаев мәлімдеме жасады. Қазір сотта Қылмыстық Кодекстің «Сеніп тапсырған бөтеннің қаражатын талан-таражға салу жолымен жымқыру» бабы бойынша эпизод қаралуда. Қуаныш Нысанбаев судьядан істі тергеген тергеушілер мен сарапшылардан қайтадан жауап алуды сұрады. Себебі дәрігер өзіне тағылған кейбір айыптарды негізсіз екенін айтады.

«Бір жыл бойына мені бір рет болсын тергемей, бір рет болса анықтамай, сотқа беріп жібереді. Осы сияқты 99-шы тағылған айыпқа да маған бір де біреуі келген жоқ. Бір жыл бойына бір тергеуші маған келіп, «сізді жауаптаймын» деген әңгіме болған жоқ. Сонда мен 1 жыл отырдым. Менің деломды алды. Менің позициямды анықтамай сотқа жіберді. Сонда прокуратура қайда қарады?», - дейді айыпталушы Қуаныш Нысанбаев.

Өткен жылдың күзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Атырау облысы перинаталдық орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты, сондай-ақ жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған акушер-гинекологты тұтқындаған еді. Қызметкерлер баланы өлі туды деп рәсімдеген. Кейін сарапшылар Атырауда мұздатқышқа салынған шақалақ өздігінен тыныс алғанын анықтаған болатын. Сараптама қорытындылары осындай тоқтамға келуге себеп болған.