Daily Mail мәлімдеуінше, онымен қоймай, ер адам әйелге тамағы мен сусынын дұрыс бермей әбден ашықтырыпты.
Бұл жайтқа бей-жай қарай алмаған көршілері полицияның көмегіне жүгініп, шақыртқан екен. Полицейлер келіншекті шалажансар күйде тапқаны соншалық, ол жүруден қалған.Сөйтіп 35 жастағы әйелді полицейлер әжетхана қамағынан босатып алды.
Бұл қорқынышты жағдай Үндістанның Дели қаласының солтүстігінде орналасқан Панипат ауылында болған. Басылымның мәліметінше, бұл келіншектің күйеуімен отасқанына 17 жыл болыпты. Олардың 15 пен 17 жас аралығында үш баласы бар екен.