Беларусь президенттігіне бұрынғы кандидат Светлана Тихоновскаяның Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Франак Вячорка Netflix стриминг порталы республикадағы наразылықтар туралы деректі фильм немесе сериал дайындап жатқанын айтты. Бұл туралы «Украинскя правда» жазды.
Оның айтуынша, британдық түсірілім тобы екі ай бойы жобаны түсірумен айналысып келеді. Картинаның кейіпкерлері демонстранттар, Үйлестіру кеңесі және Светлана Тихановская болады. Түсірілім Минск, Киев және Вильнюсте өтеді. Вячорка сонымен қатар түсірілім тобының мүшелері ұсталғанын атап өтті.