Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет пен әкімдер бағаны реттеп, делдалдарды анықтауы қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев нан мен көмір бағасын тұрақты ұстауды тапсырды.
Президент Twitter-дегі парақшасында: «Әлеуметтік» нан бағасының өсуіне байланысты үкімет пен әкімдерге шұғыл шаралар қабылдап, субсидиялауды қарастыру тапсырылды. Көмір бойынша да осындай тапсырма берілді. Көмір компанияларымен келісіп, бағаны қолдан өсіріп отырған делдалдарға жол берілмеуі тиіс. Бақылауымда болады», — деп мәлімдеді.