«Самалдағы» өрттен бір әйел қайтыс болды
«Самалдағы» өрттен бір әйел қайтыс болды
232
оқылды
«Өрт туралы хабарлама 21 қазанда түнгі сағат 22:50-де түсті. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар тоғыз қабатты үйдің жетінші қабатындағы пәтердің жанып жатқанын анықтады. Терезелерден қою қара түтін шығып жатты. Бір әйел адамның көмекке шақырған дауысы естілді. Құтқарушылар жоғары қабаттардан адамдарды эвакуациялады», – деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт шыққан пәтердің темір есігін өрт сөндірушілер арнайы құралмен ашты. Пәтерден 1976 жылы туған әйелдің денесі табылды. 53 жастағы екінші әйелді өрт сөндірушілер жетінші қабаттың терезесінен АЛ-32 сатысы арқылы алып түсті. Ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге 24 жеке құрам, 8 техника жұмылдырылды.

Өрт жалынынан пәтерде ыстық ауа қалыптасқан. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Полицейлер тұрғындарды басқа жерге көшіруге көмектесті. Қарттар мен балалы әйелдерге, сондай-ақ өрттен қатты шошып қалған басқа да тұрғындарға психологиялық көмек көрсетілді.