Қанша қазақстандық 900 мың теңгеден көп табады?
Қанша қазақстандық 900 мың теңгеден көп табады?
292
оқылды

Қазақстанда қызметкерлердің 1,4 проценті 900 мың теңгеден жоғары айлық алады. Бұл туралы статистика комитетінің зерттеуінде айтылды.

Комитет жыл сайын еліміздегі ірі кәсіпорын қызметкерлері мен таңдаулы орта және шағын кәсіпорындар арасында сауалнама жүргізеді. Бұл жолы сауалнамаға 2,7 миллионнан астам адам қатысты. Сауалнама нәтиже бойынша қызметкерлердің 1,8%-і 45 мың теңгеге дейін алады. 45 мыңнан 105 мың теңгеге дейін  – 30,8%, 105 мыңнан 210 мың теңгеге дейін  – 39,2%, 210 мыңнан 300 мың теңгеге дейін  – 14,2%, 300 мың теңгеден 420 мың теңгеге дейін  – 7,2%, 420 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін  – 3,6%, 600 мың теңгеден 750 мың теңгеге дейін  – 1,2%, 750 мың теңгеден 900 дейін мың теңге  – 0,6%, 900 мың теңгеден жоғары алатындар 1,4% құрады. Елімізде 75 мың теңгеге дейін жалақы алатын жұмысшылардың 50%-і білім саласында болса, 450 мың теңгеден жоғары алатын мамандар тау-кен өнеркәсібі саласында қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметкерлер мен басшылардың айлық табысы 350 мың теңгеден асса, қызмет көрсету мен саудада еңбек ететіндер шамамен 105 мың теңге табады. Ал фермерлердің жалақысы 110 мың, құрылыс, транспортта жұмыс істейтіндердің табысы 165 мың теңге. Сонымен қатар, комитеттің зерттеуі барысында қазақстандықтардың білім деңгейі олардың табысына әсер ететінін байқауға болады. Орта білімі бар жұмысшылар 133 мың теңге алса, жоғары білімділер 247 мың теңге, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлердің жалақысы 472 мың теңгеден асады.