Солтүстікке көшіп барғандарға берілетін жәрдемақы көлемі 200 мыңға жуықтайды
Солтүстікке көшіп барғандарға берілетін жәрдемақы көлемі 200 мыңға жуықтайды
330
оқылды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақыны екі есе арттыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, осы шешім ел ішіндегі миграциялық үдерістерді реттеуге септігін тигізеді. Сондай-ақ аймақта көшіп келушілерге арналған жаңа тұрғын үйлер салынып, көшуге қатысты мәселелерді оңайлату көзделген. Қазір мигранттарды ынталандыратын жәрдемақы 97 230 теңге (35 АЕК) екенін айта кету керек. Үкімет бір айда осы мәселені зерттеп, президент ұсынған шешім күшіне енсе, жәрдемақы көлемі 194 460 теңгені (70 АЕК-ті) құрайтын болады.