Норвегияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы табылды
Норвегияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы табылды
230
оқылды
Тронхайм қаласында 16-18 қазан аралығында сегіз жергілікті тұрғыннан вирустың жаңа түрі табылды. Бұл туралы Тронхайм муниципалитетінің бас дәрігері Туве Рёсстад хабарлады.

– Бұл Норвегияда бұрын соңды кездестірмеген вирустың жаңа нұсқасы", — деді Рёсстад.

Ғалымдардың ойынша, егер адамзат жабайы табиғатқа деген көзқарасын өзгертпесе, әлемді коронавирустан кейін өлімге әкелетін жаңа пандемия күтіп тұрғанына сенімді. Жабайы жануарларда әрқашан вирустар болған, бірақ миллиардтаған доллар тұратын жабайы табиғат өкілдерінің ғаламдық сауда саттығы, орманды кесу және урбанизация адамдарды жануарларға жақындатып, олардың вирустарын бізге жұқтыруға мүмкіндік береді.