Дубайда әлемдегі ең үлкен су бұрқақ ашылды.Бұл құрылыс нысаны Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Gulf News сайтына сілтей отырып хабарлайды
«Пальма» субұрқағы 1,5 мың шаршы метр аумақта орналасқан.Теңіз суының ағындары 105 метр биіктікке дейін көтеріледі. Бұл – Дубайдағы жалғыз түрлі-түсті субұрқақ.