Құтқарушы өрт сөндіру кезінде табылған 500 мың теңгені иесіне қайтарды
Құтқарушы өрт сөндіру кезінде табылған 500 мың теңгені иесіне қайтарды
5,227
оқылды
Өртенген орынды тексеру кезінде  аға лейтенант Юрий Коробейников құжаттары мен көп ақшасы бар, аздап күйген ер адамның әмиянын тапты. Риддер қаласында 23 қазан күні өрт болды. Монша өртеніп, өрт тұрғын үйге өтіп кеткен, деп хабарлайды  Aikyn.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтей отырып. Мекен-жайға екі өрт сөндіруші келіп, бірден сөндіруге кірісті. Бір сағат ішінде өрт сөндірушілер 48 шаршы метрді құрайтын өртті сөндірген. Құтқарушылар үйді тілсіз жаудан арашалап алды, ал монша болса толығымен жанып кетті.

Өртенген конструкцияларды талдау кезінде аға лейтенант Юрий Коробейников құжаттары мен 500 мың теңге салынған, аздап күйген ерлер әмиянын тапты. Құжат, ақшалары бар әмиян дереу үй иесіне тапсырылды.

Өрттің шығу себебі пешпен жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуынан болған.