Вице-премьер қоғамдық кеңестердің жұмысында ашықтық жоқ екенін сынады
Вице-премьер қоғамдық кеңестердің жұмысында ашықтық жоқ екенін сынады
5,289
оқылды

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Шымкент қаласының халқымен жүздесті.

Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалуын талқылаған жиында халықтың пікірін тыңдау, өтініш, ұсыныстар бойынша жұмыс жүйелі жүргізілмейтінін сынады.

— Президенттің тапсырмасына сәйкес, халықты әлеуметтік қолдау мақсатында бюджеттен 250 млрд теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ халық арасында несие төлеуден кешігіп, айыппұлы өсіп кеткен шығындарды өтеу үшін 142 млрд теңге жұмсалды. Қоғам мен билік ортасындағы кері байланысты оңтайландыратын тиісті құжаттар әзірленуде. Халықтан келген бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмауы керек. Әр өңірде құрылған қоғамдық кеңестің жұмысында да кемшіліктер жетерлік, ашықтық жоқ. Сондықтан халық арасында жиі сауалнама өткізуді жоспарлап отырмыз, — деді Бердібек Сапарбаев.