Samsung компаниясының төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Aikyn.kzРИА Новостиге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кәсіпкердің үш баласы қалған. Балалары мұрагерлік үшін 9 миллиард доллар салық төлейді.
Ли Гон Хи 1942 жылы дүниеге келген. 1987 жылы Samsung-тың негізін қалаушы әкесі Ли Бен Чол-дің орнына екінші төраға болды.
2014 жылы Ли Гон Хи инфаркттан зардап шеккен, содан кейін корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы, Samsung Electronics-ке еншілес компанияның вице-президенті Ли Чжэ Енге өтті.
Үлкен қызы Samsung Hotel Shilla қонақ үйлер желісін басқарады, екінші баласына Samsung қайырымдылық қоры қалған. Ли Гон Хидің кіші қызы 2005 жылы өзіне-өзі қол жұмсаған.