ID карта: Сыныптастары баланың тегін ыстық тамақ ішетінін білмейді
ID карта: Сыныптастары баланың тегін ыстық тамақ ішетінін білмейді
381
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мектептер мен автобустарда қолданылатын әлеуметтік ID карта туралы айтып берді.

Қазақпараттың жазуынша, ID картаның артықшылығы көп.

— Әлеуметтік ID карта – АӘК алатындардың автобуста жолақы, мектепте тағам үшін төлем жасайтын картасы. Артықшылығы неде? Мәселен, ата-анасы жұмыс істемейтін оқушыға мемлекет тарапынан тегін ыстық тамақ берілуі тиіс. Бұл картаны терминалға басу арқылы төлем жасай алады. Себебі, бұл жүйе әлеуметтік реестрмен байланыстырылған. Барлық оқушыларда бірдей карта болады. Өзге сыныптастар баланың тегін ыстық тамақ ішетінін білмейді. Автобуста да осылай. Онда да жеңілдік беріледі. Не болмаса тегін жүруі тиіс бірнеше санатымыз бар, — деді вице-министр.