Қасым-Жомарт Тоқаев: 3 мыңға жуық киік өлтірген барконьерлер қатаң жазаға тартылуы тиіс
Қасым-Жомарт Тоқаев: 3 мыңға жуық киік өлтірген барконьерлер  қатаң жазаға тартылуы тиіс
263
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында құқық қорғау органдарын киікті заңсыз қырғандарды жазаға тарту тиіс екенін айтты.

«Браконьерлер табиғат байлығы — киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген браконьерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек» деп жазды.

Ұйымдасқан топ 1 тонна 118 кг (3 мыңнан астам жануар) киік мүйізін шекара асырмақ болған.