Ерман: Оқушының ауыр сөмкесін жеңілдететін жобаға жұмсалған 371 миллиард теңге қайда?
Ерман: Оқушының ауыр сөмкесін жеңілдететін жобаға жұмсалған 371 миллиард теңге қайда?
264
оқылды

Мәжілісте «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының іске асырылуы талқыланды.

Zakon.kz-тің жазуынша, Мәжілісте өткен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған үкімет сағатында депутат Мұхтар Ерман Үкіметтен қыруар қаржы бөліп, бірақ қолданысқа берілмеген E-learning, яғни электронды оқыту жүйесінің нәтижесіздігін сынады.

— «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын талқылау кезінде «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезіндегі проблемаларды есте ұстаған жөн. Есеп комитетінің мәліметінше, аталған бағдарламаның бірқатар іс-шаралары толық көлемде орындалмаған. Мәселен, Білім және ғылым министрлігі әзірлеген 35 миллиард теңгенің E-learning — электронды оқыту жүйесі сол күйі іске қосылмады. Мемлекеттік органдар бұл бағдарламаға 217 млрд теңге бөлінді деп елге жар салды, ал іс жүзінде республикалық және жергілікті бюджеттерді, сондай-ақ ұйымдардың бөлген өз қаражатының бәрін есептегенде ол 371 млрд теңгені құраған, — деді депутат.

Оның есебінше, Цифрлы Қазақстанға республикалық бюджеттен 141 миллиард және квазимемлекеттік сектордан 169 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Сол кездегі Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев электронды оқулықтар, электронды оқыту жүйесіне қазынадан қаржы бөлініп, жоба іске асып жатқанын, оқушының ауыр сөмкесі жеңілдейтінін айтқан болатын.