Ұлттық гвардия солдаты асылып қалды
Ұлттық гвардия солдаты асылып қалды
286
оқылды

Таразда полиция қайтыс болған солдаттың ісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. 20 жастағы жігіттің мәйітін әскери борышын бірге өтеп жүргендер тауып алған. Ақтөбе облысының тумасы Батырхан Болат өз белбеуіне асылып қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Қайғылы оқиға ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясы аумағында болған. Қазір тергеу-тексеру шаралары жүріп жатыр. Басшылық азаматқа қатысты заңсыз қатынастар болмады деп хабарлады. Қаза тапқан жігіт үздік танылғанын, барлық іс-шараға қатысқанын алға тартады. Оның суреті құрмет тақтасында әлі күнге дейін ілініп тұр. Бар-жоғы екі айдан кейін желтоқсанда Батырхан Болат әскери борышын өтеп, елге оралуы тиіс еді. Бүгін туысқандары жігіттің денесін Ақтөбе облысына алып кетті.

«Мұнда туған көкесі келді. Мүрдесін қарап шықты. Дене жарақаттарын байқамапты. Қызметтік және сотқа дейінгі тергеу жүргеннен кейін өлімінің себебі анықталады», - деді «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылық командирінің орынбасары Ниязтай Әлкешев.