Маңғыстаудағы видеоға орай мұнай компаниясы мәлімдеме жасады
Маңғыстаудағы видеоға орай мұнай компаниясы мәлімдеме жасады
263
оқылды

Buzachi Operating Ltd филиалының басшысы жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр, ұжым қызметін тоқтатқан жоқ деп сендірді,– деп хабарлады lada.kz.

Желіде Маңғыстаудағы Солтүстік Бозашы мұнай-газ кенішінде ереуіл болғаны туралы жазылып жатыр. Бірақ, Buzachi Operating Ltd компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

Интернет қолданушылар арасында жұмысшылардың топталып тұрғаны түсірілген видео таралып кетті. Кадр сыртындағы дауыс қызметкерлердің жалақы мөлшеріне наразы екенін айтады.

https://youtu.be/bAeWZb07cZ8

«Бұл ереуіл емес, күнделікті жағдай және жалпы мәселелер бойынша жоспарлы есеп беру кездесуі», деді Buzachi Operating Ltd компаниясы филиалының бас директоры Лю Шаою.

Ал, «Тумба» басылымы 31 қазанда Солтүстік Бозашы кен орнында шамамен 180 жұмысшы жалақыны 100 мың теңгеге (шамамен 257 доллар) арттыруды талап еткенін жазды. Басылымның жазуынша, бұл кен орны қытайлық серіктес компаниялардың басқаруымен пайдаланылып жатыр.

https://youtu.be/mBA0ohbrLdE

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек министрлігі жұмыс берушілер тең еңбек жағдайын жасап, Қазақстан азаматтары мен шетелдік жұмысшыларға бірдей жалақы төлеуі керек деп мәлімдеген.