Сапарбаев: Атаулы әлеуметтік көмек жалақы емес
Сапарбаев: Атаулы әлеуметтік көмек жалақы емес
300
оқылды

Премьер-министр орынбасары Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек алған соң, жұмыс істеуге құлықсыз адамдар көбеймеуі керек деген мәселе көтерді.

Оның айтуынша, екі миллионнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр.Еңбекке жарамды адам жұмыс істеу тиіс.

— Біздің қазақстандықтар ұмытпауы керек. Оның атауы — атаулы әлеуметтік көмек. Яғни ол жалақы емес, ай сайын міндетті түрде беріліп тұратын. Ол әрбір отбасының табысына қарай берілуі керек. Екіншіден, бұл уақытша сол отбасының өзінің кәсібін ашу үшін. Ертең өзінің отбасын асырау үшін беріледі деп. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз — сол АӘК алушыларды оқыту, жұмысқа орналастыру, мамандық беру, — деді Сапарбаев.