НТВ арнасының жүргізушісі ұшақ апатынан қаза тапты
НТВ арнасының жүргізушісі ұшақ апатынан қаза тапты
246
оқылды
НТВ-дағы «ДНК» ток-шоуының жүргізушісі 41 жастағы Александр Кольтовой Мәскеу облысында жеңіл қозғалтқышы бар «Сессна» ұшағының қатты қонуы кезінде апатқа ұшырады, - деп Aikyn.kz  РЕН ТВ-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бортта тележүргізушінің әйелі де болған. Ол да қайтыс болды. Ұшақ Рамен ауданындағы Мячково аэродромынан Рыбинскке қарай ұшқан. Алдын ала зерттеу бойынша, апатқа қозғалтқыштың істен шығуы себеп болған. Кольтовой қозғалтқыштың ақауы туралы радио арқылы хабарлап, шұғыл қонуға жер іздей бастаған. Ұшақ Томилино ауылының маңында құлады, ұшақтың күлі ғана қалған.