Еліміздегі алты облысқа ескерту жарияланды
Еліміздегі алты облысқа ескерту жарияланды
5,141
оқылды
Елімізде алты облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Қазгидрометтің болжамынша, 8 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Көкшетауда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 Нұр-Сұлтан қаласында ертең көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 8 қарашада таңертең және күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. 8 қарашада Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді. 9 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қарағанды қаласында ертең көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазғанда ертең күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын жауады, арты қарға ұласады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда ертең көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. 8 қарашада Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 18 м/с жетеді.