Екі қорықшы киік атуға көмектескен
Екі қорықшы киік атуға көмектескен
270
оқылды

Қорғалжында 154 киікті атқан браконьерлердің ісіне екі қорықшының қатысы болған.

«Полицейлер браконьерлер тобының Қорғалжын қорығындағы 154 ақбөкенді ату әрекетіне қатысы барын дәлелдеді. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы директорының полицияға хабарлағанындай, 17 наурызда қорық аумағының ішінде мүйізі кесілген 154 өлі ақбөкен табылған. Мемлекетке 1 млрд 435 миллионнан астам теңге шығын келтірілген.

Тергеу барысында кәсіпорынның екі қызметкері кедергісіз атуды ұйымдастырған. Олардың екі танысы ақбөкендерді атқаны анықталды. Тәртіп сақшылары жануарлардың мүйізін сатып алған адамды анықтады. Мүйізді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны сатып алған. Оның гаражынан Рессей Федерациясы аумағына контрабандалық жолмен тасымалдау және одан әрі ҚХР-ға сату үшін дайындалған, арамен кесіп алынған ақбөкендердің мүйізі табылып, тәркіленді» делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасуда.