Мемлекеттік рәміздер ерекше маңызға ие
Мемлекеттік рәміздер ерекше маңызға ие
500
оқылды

Мемлекеттік рәміздер жөніндегі Талдықорған қаласы әкімінің жанындағы комиссия мүшелері мемлекеттік меке­ме­лер мен білім саласы, оқу орындарындағы жұмыстарды са­ралады. Комиссия құрамындағы қалалық ішкі саясат бө­­лі­мі, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ал­ма­ты облысы бойынша департаменті, Nur Otan партиясы Тал­­дықорған қалалық филиалы, жастар ұйымы мен білім сала­сының мамандары мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану жұмысын тексеріп, методикалық көмек көрсетті.

Шара барысында Қазақстан Мем­лекеттік рәміздерінің бөлме­лер­де орналасуы, стенд, ғимарат сыртындағы Тудың тазалығы, тұ­ғыр­­дың болуы және жұмыс жос­па­ры қамтылды. Сондай-ақ мемле­кет­тік Ту мен Елтаңбаны ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты ко­мис­­сияны бекіту, жою актісі, құра­мы ауыстырылған жағдайда ко­мис­сияны қайта құру туралы бұйрық, рәміздерді жою кезінен фотосурет­тің болуы да назарға алынды.

Қала мектептерінде бұл жұмыс дұрыс жолға қойылған. Мемле­кет­тік рәміздердің ресми қолданылу тәртібі талапқа сай. Балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер бұл істі әлдеқашан қолға алған. Әр бас­шының жұмыс бөлмесінде көк Ту мен Елтаңба ережеге сай қойыл­ған. Кейбір ескертулерді құп алған бас­­шылар түзетіп те үлгерді. Мем­ле­­кеттік нышан – Елтаңба мен маң­­дайша жазулары латын қарпіне ауыс­тырылып, жаңашылдыққа бет бұр­ған білім мекемелері де табылды.

Заң мен медициналық бағыт­тағы оқу орындарының жұмыстары – өз дәрежесінде. Бұл жерде Тал­ды­қор­­ған жоғары политехника­лық кол­лед­жін, Б.Жолбарысұлы атын­­дағы мектеп-лицей, Еңбек ауы­лын­да­ғы шағын орталығы бар №22 орта мектептегі игі істерді ерек­ше­леп айтуға болады. Мемлекеттік рәміз­дер­ді қадірлеу тәуелсіздігімізді құр­­меттеуді нығайтып, жасөспірім­дер­дің отансүйгіштік сезімін қа­лып­­­­тастырады. Комиссия мүше­сі, Табиғи реттеу мен метрология ко­ми­тетінің Алматы облысы бойын­ша департаментінің бас маманы Марат Төлеубекұлының айтуынша, Қазақ­станның Мемлекеттік рәміз­де­рінің орналасуы мен қолдану ре­­­тінің сақталуы жоғары маңызға ие.

– Көп жағдайда ғимараттың төбесіне орнатылған Ту уақыт өте келе ескіріп, жыртылады. Сондық­тан әр мекеме басшысы бұл іске жа­­уапкершілікпен қарағаны жөн. Сондай-ақ мекеменің төлқұжаты саналатын маңдайшасындағы жазу­­лардың өзіндік талапқа сай қо­йыл­ғаны дұрыс. Кейбір мектепте Мем­ле­­­кеттік рәміздердің талапқа сай ілін­бегені анықталды. Оны сол жер­­де басшыға көрсетіп, ескерттік. Мәселен, қабырғаға ілінген стендке нышандарды орналастырудың өз ре­ті бар. Алдымен мемлекеттік Ту­дың, одан кейін Елтаңбаның, со­сын ба­рып Гимн ілінуін назарда ұс­тау ке­рек. Себебі тәуелсіздіктің көк бай­рағы көкте желбіреп, Елтаң­ба төрге орнығып, шын жүрегіміз­ден Гимнді шыр­қаймыз, – дейді Марат Есен­баев.

«Әр азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін ерекше құр­меттеуге міндетті» деген қала­лық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы қала бойынша мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәселесіне ерекше назар аударылып жатқанын сөз етті. Ол сонымен қа­тар нышандардың мән-мазмұны, еліміздің тарихы тәрбие сағаттарын­да да жүйелі дәріптелетінін айтты.

– Меніңше, мемлекеттік рәміз­дер­ді отансүйгіштікке тәрбиелеудің не­гізгі әдістеріне айналдыру мәсе­ле­сін бірнеше бағытта қарастырған дұ­рыс секілді. Атап айтқанда, шығу та­рихына қызығушылық, құрмет жә­не мақтаныш сезімдерін орнық­ты­­ру арқылы ұлтжандылыққа тәр­бие­­­леу керек, – деген ойымен бө­ліс­ті.

Айта кетейік, бүгінде мемлекет­тік рәміздердің насихатталуы педа­го­­гикалық білім беру жүйесінде ай­тар­лықтай жүргізілуде. Өкініш­ті­сі, кей мектептердегі оқушылар мем­лекеттік рәміздердің қабылдан­ған күнін, авторлардың аты-жөнін білмейтінін айтты. Тексеріс бары­сын­да бірнеше мекемелердің ғи­ма­рат­тарының жағдайының төмендігі байқалды. Яғни, мемлекеттік меке­ме атауы жазылған белгілерге, мем­ле­кеттік Тудың тозғанына және рә­міздердің орналастырылуына қарата сын айтылды. Рейд бары­сын­да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәу­лет және қала құрылысы, Талды­қор­­ған қаласының тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылық бөлім­де­рін­де орна­лас­қан мемле­кет­тік рә­міз­дер­дің дұрыс пайдалануы да тек­серілді. Комиссия тарапынан ай­тылған сын-ескерт­пе­лер еске­рі­ліп, жағдай алдағы уақытта ретке келтірілетін болды.