Nur Otan: Конференцияда 4 мәселе талқыланды
Nur Otan: Конференцияда 4 мәселе талқыланды
188
оқылды

Конференцияны Nur Otan партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі,  М.Н.Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды.

Nur Otan партиясы Қазалы аудандық филиалының кезектен тыс XXXI  конференциясына аудандық партия филиалының 27 бастауыш партия ұйымдарынан 54 делегат сайланып, қатысты.    width= Конференцияның күн тәртібіне төрт мәселе: партияның Қазалы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту; Пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру; Қазалы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту және Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер  ұсынылып, қаралды. Кезектен тыс конференция барысында делегаттардың тамашалауымен пікір сайыс өтіп, үміткерлер өз бағдарламаларын кеңінен таныстырды. Конференцияға делегаттар дебатқа түскен кандидаттарға өз қалаулары бойынша дауыс беріп, үздіктер дауыс нәтижелерімен анықталды. Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы Мұрат Нәлхожаұлы алдағы саяси науқанға қатысушыларға сәттілік тіледі.