Мексикада су тасқыны салдарынан 30-дан аса адам қаза болды
Мексикада су тасқыны салдарынан 30-дан аса адам қаза болды
145
оқылды

Мексикада жантүршігерлік су тасқыны орын алды.

Бұл туралы Мексиканың азаматтық қорғаныс күштеріне қарасты ұлттық координациялық басқарманың ресми Twitter парақшасында хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, қатты нөсер салдары Табаско мен Чьяпас штаттарының 238 мыңнан астам тұрғынына кері әсерін тигізген. Төтенше жағдай кесірінен мыңдаған тұрғын үй зардап шекті. Анықталғандай, аудандардың бірінде сел жүрген. Батпақ ағыны бірқатар ғимараттарды қиратып, нәтижесінде жергілікті тұрғындар қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, су тасқынынан отыз адам көз жұмған. Табаско штатына бірден Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор келді. Мемлекет басшысы биіктіктен төтенше жағдай масштабын бағалап кетті.