«Күн тәртібінде – қала алдында тұрған міндеттерді жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы арқылы шешу. Онлайн-сессия барысында экология мен цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет пен спорт мәселелері талқыланады», - деді ол. «Бастамаларды талқылап, мегаполисті дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін тиімді коммуникациялық алаңдардың бірі ретінде іАzamat жалпықалалық платформасының бета-нұсқасы бүгін іске қосылады. Алматылықтар қаладағы жобаларға дауыс беріп, өзекті мәселелерді көтеріп, ондағы жаңалықтарды біліп отырады».
«Азаматтық қоғамды дамыту: жаңа сын-қатерлер және қоғам мен мемлекет игілігі үшін міндеттер» атты Алматы қаласының ХІІ Азаматтық форумының жұмысына азаматтық қоғам өкілдері қатысуда.
Азаматтық форумның пленарлық бөліміне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов, «Алматы қаласының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Зәуреш Өмірбаева, ҮЕҰ өкілдері қатысты.